Нарық

Досаев қазақстандықтардың кредиті туралы айтты

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

2020 жылдың қаңтарынан бері қазақстандықтардың кредиті 10,5%-ке, 7,36 триллион теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"2020 жылдың басынан бастап халықтың кредиттері 7,36 триллион теңгеге дейін, 10,5%-ке ұлғайды. Оның ішінде тұтынушылық қарыз 3,2%-ке, 4,3 триллион теңгеге дейін, ипотекалық қарыздар 27,8%-ке, 2,3 триллион теңгеге дейін өсті", &ndash деді Досаев үкімет отырысында.

 

Айтуынша, экономикаға кредиттер 2020 жылдың басынан бері қарашаның соңында 5,6%-ке, 14,65 триллион теңгеге дейін артты. Ал қысқа мерзімді кредиттер 3,0%-ке, 2,1 триллион теңгеге дейін өсті.

 

Депозиттер

 

Банк жүйесіндегі депозиттер 2020 жылдың басынан бері 15,3%-ке ұлғайып, 21,9 триллион теңгені құрады. Депозиттер, негізінен теңгедегі салымдардың өсуі есебінен артқан.

 

Ұлттық валютадағы салымдар 23,1%-ке, 13,3 триллион теңгеге дейін, валюталық салымдар 5,1%-ке, 8,6 триллион теңгеге дейін өсті.

 

Соның нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылдың қарашасында 39,3%-ке дейін төмендеді.

 

 

 




Көрілген: 3034    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 12:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31