Нарық

Дүниежүзілік банк 2020 және 2021 жылдардағы мұнай бағасын болжады

  • Дүниежүзілік банк 2020 және 2021 жылдардағы мұнай бағасын болжады

    Дүниежүзілік банк 2020 және 2021 жылдардағы мұнай бағасын болжады

 Коронавирустың пандемиясынан туындаған жаһандық экономикалық шок шикізат тауарларының көпшілігінің бағасы арзандауына алып келді және 2020 жылы баға айтарлықтай төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды Дүниежүзілік Банктің сәуір айындағы тауар нарықтарының шолуында.

ДБ бағалауына сәйкес, мұнайдың орташа бағасы 2020 жылы барреліне 35$, 2021 жылы барреліне 42$ шамасында болады.

Металдар бағалары тұтастай алғанда 2020 жылы 13 пайызға арзандайды деп болжануда. Өйткені сұраныстың азаюы және өнеркәсіптің негізгі салаларының тоқтауы нарыққа елеулі әсерін тигізді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары экономикалық өсумен тығыз байланыста болмағандықтан 2020 жылдың бірінші тоқсанында көлік үшін пайдаланылатын каучуктан басқа тауарлардың бағасы айтарлықтай төмендеген жоқ.

Бұл шикізат нарықтары үшін үлкен шок және мұнайдың бағасы төмендеуі дамушы елдерге елеулі залал келтіруі және ұзақ мерзімді өсуді қолдайтын және сапалы жұмыс орындарын құратын маңызды инфрақұрылымға қажетті инвестицияларға қауіп төндіруі мүмкін, – деп мәлімдеді Дүниежүзілік Банктің инфрақұрылым жөніндегі вице-президенті Махтар Диоп.

aikyn.kz




Көрілген: 991    Пікірлер: 0

жұма, 24.04.2020, 00:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31