Нарық

Дүниежүзілік банк Қазақстанға мал шаруашылығын дамытуға $500 млн беруге шешім қабылдады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Дүниежүзілік банктің Директорлар кеңесі Вашингтонда (АҚШ) Қазақстан үшін дайындалған «Мал шаруашылығын тұрақты дамыту» жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Келесі қадам - ​​тиісті несие келісіміне қол қою. Болжам бойынша ол ағымдағы жылдың күзінде өтеді.

 

Жоба шарты бойынша республикаға мал шаруашылығын жан-жақты дамытуға 500 миллион АҚШ доллары бөлінеді. Банк әзірлеген жоспар 5 жыл ішінде - 2021 жылдан 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек.

 

Осы кезеңде Қазақстан қоршаған ортаға теріс әсерін тигізбестен, мал етін өндірудің экспортқа бағытталған секторын дамытуға және көбейтуге міндетті.

 

Жобаны іске асыруда Қазақстан үшін мүлдем жаңа қаржы құралы - нәтижеге бағытталған бағдарлама (НББ) несиесі қолданылады. Бұл механизм қарыз алушыға қаражат келісілген нәтижеге жеткен кезде ғана төленетін болады.

 

Жобаның негізгі нәтижесі ветеринарлық қызметтер мен жануарларды тіркеуді жақсарту және ет саласы үшін тиімді агроэкологиялық саясат орнату.

 

Сондай-ақ, экспорт пен бәсекеге қабілеттіліктің тұрақты өсуі үшін бақылау жүйесі жасалады, ветеринария қызметі жаңғыртылып, сиыр етін өсірумен айналысатын фермерлердің біліктілігін арттыру жүйесі құрылады.

 

Сонымен қатар, жұмыс орындарын құру және ауыл тұрғындарының кірістерін арттыру мақсаты көзделіп отыр. Бордақылау алаңдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын 20 мыңнан астам отбасылық фермаларды құруды қолдау жоспарда бар.

 




Көрілген: 663    Пікірлер: 0

сенбі, 04.07.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30