Нарық

ЕАЭО елдері арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі Қазақстанда

  • © atyrauaqparat.kz

    © atyrauaqparat.kz

Ең төменгі күнкөріс деңгейі инфляцияға сәйкес кезең-кезеңмен көтеріледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері туралы сұрады.


"Биыл біз заң бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейін 29 698 теңге деп бекіттік. Өкінішке қарай, ЕАЭО елдерінде ең төменгі күнкөріс біздің елімізде. Беларусь, Ресей, Арменияда бізден жоғары. Осыған байланысты күнкөріс деңгейін жоғарылату ойларыңызда бар ма?", - деді ол.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, ең төменгі күнкөріс деңгейі инфляцияға сәйкес көтеріледі.


"Сіз мемлекетімізде болып жатқан шараларды жақсы білесіз, ол инфляцияның деңгейіне сәйкес көбейіп келеді. "Нұр Отан" партиясының съезінде Елбасы бұл он жылға арналған бағдарлама екенін айтқан болатын. Сондықтан кезең-кезеңмен инфляцияға сәйкес көтеріледі", - деп сендірді министр.


 




Көрілген: 916    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30