Нарық

"Екі есе қымбаттайды": көлікті қысқа дайындау бағасы қандай?

  • "Екі есе қымбаттайды": көлікті қысқа дайындау бағасы қандай?

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, күн суытты. Ауа райының тосын мінезі жүргізушілерге қиындық тудыратыны анық. Sputnik Қазақстан тілшісі көлікті қысқа дайындау қанша тұратынын, оның дөңгелегін қашан айырбастау керектігін біліп көрді.


Астанадағы қызмет көрсету бағасы

Күн суытқан кезде жол апаты жиілей түседі. Себебі көктайғақ болады. Ал жүргізушілердің көбі көлік дөңгелегін ауыстырып үлгермейді. Солтүстік өңірдегі жүргізушілер қазан айынан бастап қамданады.


Жеңіл көліктің шинасын қысқыға айырбастау кем дегенде 4 мың теңге тұрады. Ал жол талғамайтын автомобиль иелері бұл қызметке ең арзаны 8 мың теңге төлейді. Қысқы дөңгелекті алдын ала айырбастап қойған жөн. Себебі, күн суытқан соң, бұл қызметке сұраныс артып, техникалық қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезек болады. Сондай-ақ, қысқы шинаны айырбастау бағасы 1,5-2 есеге қымбаттап кетуі мүмкін.


Автомобиль дөңгелегі сыртқы резеңкесінің (покрышка) бағасы тауар өндіруші мен тауардың сапасына байланысты. Қолданылған жеңіл көліктің қысқы дөңгелегінің жиынтығы – 150-180 мың теңге. Ал жаңа шина жиынтығының құны 250 мың теңгеден асады.


Дөңгелекті қашан айырбастау қажет

Техникалық регламентке сәйкес, Қазақстанда қыс айларында: желтоқсан, қаңтар, ақпанда жазғы шинамен жүруге тыйым салынады. Сондай-ақ, маусым, шілде, тамызда қысқы дөңгелекпен жүре алмайсыз. Бұл үшін айыппұл салынады. Ал күз, көктем мезгілінде шектеу жоқ. Бұл жағдайда жүргізушілер шешімді өздері қабылдайды.


Ең маңыздысы ауа райы жағдайына қарау керек. Мысалы, жазғы дөңгелек ауа температурасы +7 градустан төмен болса, жолда қауіп тудыруы мүмкін. Ал қысқы шиналар аязда қатпайды.


Тікенекті дөңгелектер қысы қатал, көктайғақ жиі болатын аймақтарға арналған. Алайда ондай шинадағы тікенектердің (шипы) 30%-і түсіп қалса, ол да жарамсыз болып саналады. Сондықтан бұл жағдайды естен шығармаңыз.


2017 жылдан бастап, жүргізушілерге көлігінің артына "Ш" белгісін қою міндетті емес екені хабарланды. Ол болмаса, сізге айыппұл салынбайды. "Ш" белгісі тікенекті дөңгелек дегенді білдіреді.


Көлігіңіз істен шықпасын десеңіз...

Ауа температурасы төмендеген кезде автомобильге артық салмақ түседі. Сондықтан көлігіңіз істен шығып, тозып қалмасын десеңіз, май, антифриз, тежегіш сұйықтығын бақылап отырыңыз.


Автомобильдің майы мен фильтрін айырбастау 1,5-2 мың теңге тұрады. Ал қысы қытымыр келетін өңірлер үшін 5w40 индексі бар майды таңдау керек. Майды толығымен айырбастау үшін 12 мың теңгеден 20 мың теңгеге дейін қаражат жұмсауыңыз мүмкін.


Тікенекті дөңгелектер қысы қатал, көктайғақ жиі болатын аймақтарға арналған. Алайда ондай шинадағы тікенектердің 30%-і түсіп қалса, ол да жарамсыз болып саналады

Ауа райы суық уақытта бак фара мен шыныны жууға арналған сұйықтыққа толы болуы қажет. Ал қазанның ортасынан бастап солтүстікте қатпайтын арнайы сұйықтықты қолданған жөн.


Көліктің шанағы мен түбін коррозиядан қорғаңыз. Егер көлігіңіз жаңа немесе оған шамамен 3-5 жыл болса, жолыңыз болды. Бұл жағдайда еш нәрсе істеудің қажеті жоқ. Ал көлік ескі болса, оның түбі мен шанағын коррозияға қарсы материалмен өңдеу керек. Бұл қызметтің бағасы көліктің түріне байланысты.


Көлігіңіз әуре-сарсаңға салмай, күн сайын таңертең оталуын қаласаңыз аккумуляторды тексеріп жүріңіз. Қызметтің құны – шамамен 500 теңге.


"Қысқы" отынның бағасы қанша?

Газ және бензинмен жүретін көлік иелері үшін бұл сұрақ өзекті болмауы мүмкін. Ал "дизель" отынын тұтынатын автобиль иелері қыста оның қатып қалатынын біледі. Сондықтан "қысқы" дизель отынын пайдаланған жөн. Мұндай жанар-жағармайдың бағасы 30%-ке жоғары болады.


Қажетті керек-жарақтар

Қыста көлікте міндетті түрде тұтататын сым, қатпайтын арнайы сұйықтық болуы керек. Егер көлігіңіз дала тұратын болса, қарды тазалайтын қылшақ пен қолғап керек.




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.10.2019, 18:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30