Нарық

Экология министрлігі Жайық өзенінің тартылу себебін түсіндірді

  • Экология министрлігі Жайық өзенінің тартылу себебін түсіндірді

    Экология министрлігі Жайық өзенінің тартылу себебін түсіндірді

БАҚ-та жарияланған ақпараттан кейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзенінің тартылуы және Атырау маңында аралдар пайда болуының негізгі себептерін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тексеруді Су ресурстары комитетінің Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы өкілдері Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп жүргізді.

 
“Бұл жер желді және желден пайда болатын су толқыны аймағында орналасқан. 19 және 20 қыркүйекте солтүстік-батыстан соққан жел Каспий теңізі деңгейіне әсер етті, сондықтан Жайық тартылып, аралдар пайда болды. Қазір бұл аймақта оңтүстік-батыстан жел соғады, сондықтан судың кері толқыны болып, аралдар суға толады”, – делінген хабарламада. 

Мамандар соңғы жылдары өзен бассейнінде су азайғанын атап өтті. "Январцево" өлшеу станциясы шекаралық учаскесінде байқалған ағын 3,5 - 5,5 текше шақырымды құрады, орташа жылдық ағыс 8,14 текше шақырымға жеткен.


Жайық өзені жоғалып кетудің алдында тұр: Депутаттар мәселеге алaңдаушылық танытты
Атырау облысындағы Ойыл, Жем, Сағыз өзендері мүлде жойылудың алдында тұр

Жайық өзенінің негізгі ағысы Ресейдің 80%-ға дейін аумағында орналасқан. Қазіргі уақытта Ресей аумағында Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Ириклин су қоймасының көлемі 2 681 миллион текше метрді құрайды. Экология министрлігі 2020 жылдың ұқсас кезеңінде су қоймасының көлемі 2 808 миллион текше метрді құрағанын, ағызу секундына 14,3 текше метр болғанын атап өтті. 




Көрілген: 547    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.09.2021, 12:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 14:20
    Доллар бағамы тағы өсті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31