Нарық

Ел экономикасында рубльдің үлесі артып барады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Кейінгі екі жылда Қазақстан нарығында Ресей валютасының ықпалы артып барады. Биржадағы сауда-сатықта рубльдің үлесі 3 есе көбейген.

 

Бұл туралы Халық банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, рубльге сұраныстың артуына бірнеше себеп бар.

 

Ең негізгісі, Қазақстанда базалық ставка Ресеймен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Яғни несие төмен пайызбен беріледі.

 

Екіншіден біздің тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі төмен. Сондықтан көрші елден импорттың үлесі артқан.

 

Қарапайым тілмен айтқанда біз Ресейде жасалған затты көптеп сатып аламыз. Тауар сол елдің валютасымен саудаланады. Яғни Рубль керек.

 

Осылайша рубльге сұраныс артады және теңгеге шаққандағы құны көтеріледі.

 

Үміт Шаяхметова, Халық банктің басқарма төрағасы:

 

– Біз сырттан келген инвесторларға ғана жеңілдіктер береміз. Дәл сондай мүмкіндік отандық кәсіпкерлерге де жасалуы керек. Өзімізде де өндірісін кеңейтіп, сапасын арттыруға ниетті компаниялар бар. Бірақ олардың екінші деңгейлі банктерден несие алуға құлқы жоқ. Мәселен, пандемияға дейінгі жағдайды айтайын. Бізде базалық мөлшерлеме 9 процент болғанда, Ресейде 4 процент болды. Осыдан ақ отандық кәсіпкерлердің жағдайын көруге болады. Оларға қазақстандық банктерден несие алғаннан көрі Ресей банктерінен рубльмен қарыз алу тиімді болып кетті.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.11.2021, 10:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31