Нарық

Ел тұрғындары алтын сатып алуды жалғастыруда

  • Ел тұрғындары алтын сатып алуды жалғастыруда

    Ел тұрғындары алтын сатып алуды жалғастыруда

2021 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 111,5 кг 2 414 құйма сатып алды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық Банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы қолға алған болатын. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жалпы салмағы 1,68 тонна 44 993 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалардың бес түрі ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске асырылғалы халық арасында ең көп сұранысқа ие болғаны &ndash 10 г. құйма.

Жалпы сатылымдағы оның үлесі 26% &ndash 11 654 дана. Одан кейін 100 г. құйма &ndash 10 572 дана (23%) және 20 грамм &ndash 10 123 дана (22%), 5 грамм &ndash 7 177 дана (16%), 50 грамм&ndash5 467 дана (12%). Негізінен өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Алтын құймалар сенімді инвестициялық құрал бола алады. Банктер мен банктік емес айырбастау пункттерінің клиентке ақшасын төлеп, құймаларды «күнбе-күн» сатып ала алатын мүмкіндігі &ndash алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етуде негізгі факторға айналып отыр. Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері жалпы салмағы 3,5 кг өлшенген 133 құйма сатып алуға қабылданды. Бұл, әрине, алтын құймалардың ұзақ мерзімді инвестициялау мен жинақтау құралы болып табылатынына байланысты, - делінген хабарламада.

 
Әр құйма қорғаныс элементтерімен (құймалардың айна беті, микротекст және рельефтің шеті), құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және пакеттің ашылған-ашылмағанын тексеруді жеңілдететін арнайы қаптамада шығарылады. Қорғаныс қаптамасы, сонымен қатар, құйманың сапа сертификаты бола алады. Сондықтан құйманы сақтағанда мұқият болып, ораманы ашпаған жөн.

 Қазіргі уақытта алтын құймаларды Halyk Bank-те, Еуразиялық банкте, Jýsan Bank-те, Банк ЦентрКредитте, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады.


BAQ.KZ




Көрілген: 2191    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 08:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30