Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елбасы Ислам даму банкінің басшысын I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

09 маусым 2011, 12:29

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев VII дүниежүзілік ислам экономикалық форумы аясында Ислам даму банкінің президенті Ахмад Мохаммед Әли Әл-Маданимен кездесті.
Кездесу кезінде екіжақты іс-қимыл мә­селелері, сондай-ақ VII дүние­жү­зілік ис­лам экономикалық форумының күн тәр­тібі талқыланды.
– Мен ынтымақтастыққа және бізде исламдық қаржыландыруды дамытуға сіңірген зор еңбегіңіз үшін Сізді I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым. Ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдіремін. Біз бірінші рет кездесіп отырған жоқпыз, дегенмен бұл – ерекше кездесу. Біздің елі­міз­де өтіп отырған экономикалық форум біз­дің ислам елдерімен ынтымақ­тасты­ғы­мызға ықпал етеді деп сенемін. Біз ИДБ-нің өз еліміздегі қызметіне үлкен мән бе­реміз. Біз Қазақстанда аймақтық ислам қар­жыландыру орталығын қалыптастыру үшін жұмыс істеудеміз. Біз қазірдің өзінде екі банкті аштық, – деді Мемлекет бас­шысы.
– Мен үшін және біздің банк үшін осын­дай жоғары награда алу – үлкен құрмет. Бұл Қазақстанмен қарым-қатынасымызды тереңдетуге ұмтылуда біздің қызмет­керлерімізге үлкен күш-жігер береді, – деді А.Әли.
– Ең алдымен, Ислам даму банкінің делегациясы атынан Президентке, Үкімет пен Қазақстан халқына VII дүние­жү­зілік ислам экономикалық форумын өт­кізгені үшін шын жүректен алғысымды ай­тамын. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың сө­зінен және Президенттің көкейкесті тақы­рып­тар бойынша айтқан құнды ұсы­ныстарынан әсер алдық. Мен осы форумда қабыл­данған шешімдер мен ұсыныстар, соның ішінде Қазақстан Президенті айтқан ұсы­ныстар Қазақстан мен ИКҰ-ға мүше өзге елдердің арасындағы ынтымақ­тастықты кеңейтуге қызмет етеді деп сенемін. Со­нымен бірге, біз кездесу кезінде Аста­нада алдағы уақытта өтетін Ислам конферен­циясы ұйымының сыртқы істер министр­ле­рінің кездесуін талқыладық. Бұл да Қа­зақ­стан мен ИДБ-ға мүше елдердің ара­сындағы қарым-қатынастарды кеңейте тү­суге тағы бір мүмкіндік туғызады. Біз Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шы­­лығымен Қазақстан мен ИДБ ара­сын­дағы экономикалық, сауда және инвести­ция­лық өзара қарым-қатынастар нығаяты­нына сенеміз. Бұл форумға ИКҰ мен өзге елдердің кәсіпкерлері қатысуда. Олар қа­зақстандық әріптестерімен тығыз қа­рым-қатынастар орнататынына сенімдімін, – деді кездесуден кейін Ислам даму банкінің пре­зиденті А.Әли.