Нарық

Елбасының Түркістанға не үшін барғаны белгілі болды - видео

  • Елбасының Түркістанға не үшін барғаны белгілі болды - видео

    Елбасының Түркістанға не үшін барғаны белгілі болды - видео

Елбасы сапар барысында түркі әлемінің астанасында бой көтерген әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың хабарлауынша, Елбасы сапар барысында түркі әлемінің астанасында бой көтерген әлеуметтік-мәдени нысандарды аралауда.

Сонымен қатар Елбасы Түркістан қаласындағы "Тұңғыш президент саябағын" абаттандыру жұмыстарымен танысып, Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты.

​Айта кетейік, Түркістан қаласы облыс орталығы болған үш жыл ішінде қалада бірқатар нысан бой көтерді. Қаланың мәдени-рухани орталығы 290 гектарды құрайды. Оның ішіне Керуен сарай, Тұңғыш президент паркі, Нұрсұлтан Назарбаев аллеясы, бес жұлдызы қонақ үйлер мен халықаралық туризм және спорт университеті, неке сарайы, драма театр мен кітапхана кіреді. Сондай-ақ "Ұлы дала елі", "Қожа Ахмет Ясауи" музейі салынды.

Салынып жатқан "Тұңғыш президент саябағының" жалпы аумағы – 38 гектар.




Көрілген: 4678    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 19:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30