Нарық

Елде бензин бағасы неге құбылып тұр?

  • Елде бензин бағасы неге құбылып тұр?

    Елде бензин бағасы неге құбылып тұр?

Қазақстанда бензин бағасы неге құбылып тұр? Бүгін бұл сұрақты Парламент қабырғасында Альберт Рау көтерді.

Депутат бензин бағасын реттеу үшін жаңа механизм енгізу қажеттігін айтты. Құзырлы органдар бұрын бағаның құбылуын импортқа тәуелділік пен мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы жөндеумен байланыстыратын.

Енді «Атырау зауытындағы авариялық жағдайға байланысты бензин бағасы да шарықтай бастаған» дейді. Депутат жанар-жағармайдың қымбаттауы сайып келгенде қарапайым тұтынушының қалтасын қағатынын атап өтті. Артынша Энергетика министрлігі де жауап берді.

«Қазіргі таңда бензин бағасының қымбаттауын көріп отырмыз. Мұнай өнімдерінің құнын реттеуге мемлекет араласа алмайды. Бағаны нарықтың өзі белгілейді. Бензин 2015 жылдан, ал дизельді отын 2016 жылдан бері мемлекет бақылауында емес. Мұндай ахуал көрші елдерде де байқалып отыр», - дейді министрлік өкілі. Нарыққа мемлекеттің неге араласпайтынын сала өкілі былай түсіндірді.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика вице-министрі: - Мұнай өнімдерін арзандату мемлекетте тиімсіз тәсіл болып тұр. Бағаның төмендеуін шекаралас мемлекеттер өз пайдасына қолданып кетуі мүмкін. Көлеңкелі экономика көлемі артып, түрлі жолдармен тасымал пайда болады. Сайып келгенде елдің мұнай өңдеу саласын айтарлықтай шығынға әкеледі. Сондықтан жағдайды нарықтың өзі реттегені жөн деп есептейміз.

24.kz




Көрілген: 911    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 08:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31