Нарық

Электросамокат автокөлікке қарағанда қоршаған ортаға қауіпті болып шықты

  • © islam.kz

    © islam.kz

АҚШ-дағы Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары осылай деп отыр. Бірақ, самокаттарды жалға беруші компаниялар электросамокаттардың басты артықшылығы –экологияға зиянсыздығы дейді.


Зерттеудің авторлары осы құрылғының өндірістен бастап қайта зарядтау процесіне дейінгі бүкіл «өмірлік цикліне» назар аударған. Ғалымдардың пікірінше, электросамокаттар дизельді автобусқа, электромопедке, электровелосипедке немесе қарапайым велосипедке қарағанда атмосфераға көбірек парниктік газдар шығарады.


Зиянды заттардың жартысынан көбі электросамокаттар жасау үшін және өндірістік процесс кезінде пайдаланылатын материалдарды өндіруге байланысты атмосфераға түседі. Мұны тексеру үшін зерттеушілер ең танымал жалға берушілер Lime және Bird компаниялары қолданатын Xiaomi M365 қытайлық моделін бөлшектеген. Ғалымдар алюминий корпусы мен литий-ионды батареяларды өндіру кезінде қоршаған ортаға ең зиянды заттардың көп тасталатынын анықтады.


Самокаттардың тағы бір қауіпі — оларды үнемі зарядтау қажет. Ғалымдар бұл құрылғылар аз қуат тұтынатындығын мойындайды, бірақ, көптеген зиянды заттар атмосфераға түседі, себебі самокаттарды қуаттау үшін оларды жинайтын компания қызметкерлері қала ішінде кәдімгі автокөлікпен жүреді.


Ғалымдар электросамокаттардың қоршаған ортаға тигізетін зияны, егер компаниялардың осы қызметкерлері неғұрлым экологиялық автомобильдерге көшсе, айтарлықтай төмендеуі мүмкін деп санайды.


 islam.kz




Көрілген: 938    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31