Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Еліміз Моңғолиядан әкелуге болатын ет пен мал экспортын талқылады

26 қазан 2021, 00:39

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қоршаған орта, азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комитеттің төрағасы, Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының депутаты Хаянгаа Болорчулуун бастаған Моңғол делегациясымен кездесті.

 

Ведомство басшысы өз сөзінде Қазақстан мен Моңғолияның ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін зор әлеуетке ие екенін атап өтті.

 

Бірлескен кәсіпорындар құру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді жолға қою Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың саласы бола алар еді, - деді министр Қарашөкеев.

 

Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 7,2 млн долларға жеткен.

 

Сонымен қатар, екі ел арасындағы сауданы дамыту әлеуетін одан әрі арттырудың үлкен перспективалары бар деп санаймын, - деді ведомство басшысы.

 

Тараптар ветеринария саласындағы елдер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, Қазақстанға ет пен мал экспортын, өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының ынтымақтастығын талқылады.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар АӨК саласындағы барлық мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға және  жақын арада министрлердің орынбасарлары деңгейінде ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыс тобын құруға келісті.

 

 

 

 

BAQ.KZ