Нарық

Елімізде 2 миллионға жуық адам несие төлемін кейінге шегерді

  • Елімізде 2 миллионға жуық адам несие төлемін кейінге шегерді

    Елімізде 2 миллионға жуық адам несие төлемін кейінге шегерді

2 миллионға жуық қарыз алушының несие мерзімі кейінге қалдырылды және 1,5 мыңға жуық несие жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша кредит алуға мақұлдаудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықты және бизнесті қолдау жөніндегі шаралардың орындалуын мониторингтеуді жалғастыруда.

 

2 маусымдағы жағдай бойынша, екінші деңгейлі банктер және өзге кредиттік ұйымдар төлемді тоқтата тұруға 265,8 млрд теңгеге 1 883 111 жеке тұлғаның өтінішін мақұлдады. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 345 мыңнан астам адам 42 млрд теңгеенің несие төлемін кейінге шегерді. Бұл - қарызданушы жеке тұлғалардың жалпы санының 34 пайызы.

 

Сондай-ақ 12 411 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 164,6 млрд теңгеге немесе шағын және орта бизнес субъектілерінің 41,6% төлеу мерзімін кейінге қалдырды.

 

Қалған өтінімдер қаралып жатыр. Олар бойынша 10 жұмыс күні ішінде тиісті шешім қабылданады. Кәсіпкерлерді жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы шеңберінде қаражатты игеру мониторингі екінші деңгейлі банктерден алынған деректер бойынша 2 маусымда шағын және орта бизнес субъектілері және дара кәсіпкерлерге 187,8 млрд теңге сомаға 1336 қарыз мақұлданды.




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

сенбі, 06.06.2020, 01:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31