Нарық

Елімізде айтарлықтай қымбаттаған азық-түлік тауарлары белгілі болды

  • Елімізде айтарлықтай қымбаттаған азық-түлік тауарлары белгілі болды

    Елімізде айтарлықтай қымбаттаған азық-түлік тауарлары белгілі болды

Биылғы 9 айдың көрсеткіші бойынша халық жиі тұтынатын азық-түлік тауарлары айтарлықтай қымбаттаған деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 
Бүгінгі Үкіметтің кезекті отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев әлемдік экономика қалпына келе бастағандықтан шикізат бағасы өскенін атап өтті.

«Осы жылдың тамызында өнеркәсіптік шикізат құны негізінен Қытай мен дамыған елдер тарапынан жоғары сұранысқа байланысты базалық металдардың 42,6%-ға қымбаттауы есебінен 38,5%-ға өсті. Осы кезеңде ауыл шаруашылығы шикізаты 22,7%-ға қымбаттады.

Биылғы қыркүйекте өсімдік майы, дәнді дақылдар, сүт өнімдері мен қант бағасының көтерілуі нәтижесінде БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) азық-түлік бағаларының индексі 130%-ға дейін өсті. Бір жыл ішінде ФАО индексі 32,8%-ға көтерілген.

Baltic Dry Index бағалауы бойынша 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағасы 5,4 есе, 2020 жылғы мамырмен салыстырғанда – 10 есе өскен», ˗  дейді бас қаржыгер.
Ал баяндамада Қазақстанда инфляция 8,9% екені айтылды. Соңғы бір айда ет (1,3%), өсімдік майы (0,6%) және қант (1,1%) бағасының өсуіне байланысты 11,4%-дан 11,5%-ға дейін өскені айтылды.

«Азық-түлікке жатпайтын инфляция қыркүйекте дизель (бір айда 3,8%), газ (0,9%) және көмір (1,9%) бағасының көтерілуі аясында 7,3%-тен 7,5%-ке дейін 0,2 пайыздық тармаққа өсті. Жанар-жағар майдың қымбаттауы дәнді-дақылдар бағасының өсуіне алып келді. Бұған қоса, көршің елдердегі бағаның қымбаттауы да тікелей әсер етіп отыр», ˗ дейді Ұлттық банк төрағасы. 
Белгілі болғандай. Ұлттық банк инфляция дәлізін 7,5-8,5%-ға қайтаруға күш салуда.

Еркежан Айтқазы




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 11:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31