Нарық

Елімізде бір жылда соғым қаншаға қымбаттады?

  • Елімізде бір жылда соғым қаншаға қымбаттады?

    Елімізде бір жылда соғым қаншаға қымбаттады?

Қыс азығы соғым. Биыл жылқының да, сиырдың да құны өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылдағы үрдіс қой. Сонымен бір жылда соғым қаншаға қымбаттады? Арна тілшісі Қорған Төреқожа базарды аралап, нарықтағы бағаны шамалады.

Қорған Төреқожа, тілші: - Ежелден қазақ жылқы баққан, қазаққа бұл жануар жақсы жаққан. Төрт түліктің ішінде біздің халық жылқыны ерекше бағалайды. Себебі, бұл жарықтық мінсең көлік. Саусаң, сусын. Жесең ас.

Бұл жануардың етін де жақсы жейміз. «Ет дегенде бет бар ма?» дейміз. Қазір міне, соғымның қызған шағы. Бағаны білмек болып, елорда сыртындағы бір шаруа қожалығына келдік. Сонымен айтайық, мына жабағылардың құны 200 мың теңге. Ал, тай аламын десеңіз 350 мың теңгеңізді қалтаңыздан шығарып беруіңіз керек. Ал, одан жоғары құнан, биелердің биылғы құны 500 мың мен 600 мың теңгенің аралағында. Яғни, шаруаның айтуынша, биыл соғым қымбаттаған.

Дәулет Қасенбаев, Қараөткел ауылының тұрғыны: - Себебі жем қымбат. Жем алу деген қазір деген жем жоқ. Ең төмен баға қазір 50 мың теңге. Жем таба алсақ, қуанамыз оған. Тоннасы ма? Тоннасы. Сондықтан малды семірту үшін жемді 70-80 мың теңгеден алып отырмыз. Сондықтан ол мынау малдың бағасы қымбаттап бара жатқаны. Ал, ондай 70-80 мың теңгеден төмен болса, онда мына малдың бағасы да түсер еді. Бұрын біз тоннасын 100 теңгеден алатын едік. Сосын 2500 теңгеге мәшина жалдап, 3 мың теңгеге бір мәшина жем әкелетін едік. Қазір 300 мың теңгеге әкелеміз. Ал, қыс бойы бізге 10 мәшина жем керек.

Шаруаның айтуынша, тайлар биыл бірден 70-80 мың теңгеге қымбаттады. 350 мыңның соғымы былтыр ғана 270-280 мыңнан сатылған. Ал, жем неге қымбаттады десеңіз, биыл қуаңшылық болды. Ылғал жетіспей, біраз егін шықпай қалды. Бұдан бөлек, соғымның қымбаттауына делдал біткеннің де ықпалы бар. Мысалы...

Дәулет Қасенбаев, Қараөткел ауылының тұрғыны: - Мысалы бізден әкетеді де 200-250 мыңға әкетеді де, сол бағаны жаңағы бізден әкеткен. 1800 теңгеден әкететін болса, анау жаққа барса, 2500 теңге дейді. Әрине, ол делдардардың қолында тұр қазір.

Қорадан шығып, базарға бардық. Жылқы мен сиыр етінің құнын білмекке. Сатушыдан сұрап едік, ол сөзін бағадан емес, «саудамыз жүрмей жатыр» деп бастады. Рас. Біз де ет алып жүрген қарақұрым халықты көрмедік, баяғыдай.

Меруерт Исмаилова, сатушы: - Келушілер аз. Адам аз. Сауда нашар. Қазы, шұжық 2800 теңгеден, жылқы еті 2400 теңгеден. Еттің бағасы былтырғыға қарағанда жоғары. Былтыр қанша еді? Былтыр 2200 еді.

Ғафуза Байтасова, сатушы: - Сиыр еті былтырғыға қарағанда қалай болды? Қанша қосылды баға? Қымбат болды. 500 теңгедей қосылып кетті. Былтыр жаңа жылда 1800 теңге еді. Қазір 2200 теңге. Өйткені алатын баға қымбаттап кетті. Алып келушелер. Сондықтан қымбаттап кетті.

Блиц 1:

- Соғым алдыңыздар ма?

- Ия, соғым алып, кеше қазымды бәрін тығып қойғам.

- Қаншаға алдыңыз соғымды?

- Мен жарты мал алдым. Келісін 2100-ден алдым.

Блиц2:

- Өзіңіз қысқа дайынсыз ба? Соғым алдыңыз ба?

- Қысқа дайынмын. Соғым алдым.

- Өзіңіз қандай ет алдыңыз?

- Өзім жылқының етін алдым.

- Соғымға қанша жұмсадыңыз биыл?

- Соғымға жұмсасаң жұмсай бересің ғой енді. Өйтіп алғанда 200-250 мыңның маңында кетеді. Оның өзінде түгел алуға шамаң жетпеген соң шамалап аласың енді.

Блиц 3:

- Сиырдың еті жылқының етімен бірдей ғой. Шамалы алсаң 15-20 мың теңге болып шыға келеді ғой.

Етсіз отыра ма? Халық соғым алады. Соңғы ақшасы болса да, соған салады. Нарықтағы соғымның жайы осы. Әйтеуір, ет жетеді. Толып тұр. Бірақ баға Ертөстіктей болып тұр.




Көрілген: 2608    Пікірлер: 0

жұма, 18.12.2020, 22:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31