Нарық

Елімізде дәрі-дәрмек импорты 71%-ға артқан

  • Елімізде дәрі-дәрмек импорты 71%-ға артқан

    Елімізде дәрі-дәрмек импорты 71%-ға артқан

Осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық препараттар бір айда 0,3%-ға және бір жылда 3,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды EnergyProm.

Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттаған өңірлер арасында Маңғыстау көш бастап тұр (14,1%-ға өсті). Сол сияқты елордада (10,9%-ға) және Ақмола облысында (9,1%-ға) айтарлықтай қымбаттады.

Қостанай, Павлодар (әр өңірде 0,1%-ға) және Жамбыл (2,9%-ға) өңірлерінде дәрі-дәрмектер мен өзге де фармацевтикалық препараттар арзандады.

Фармацевтикалық препараттар арасында бір жылда күрт қымбаттағандар: «Хилак форте» (30 мл) (17,9%-ға, 1,6 мың теңгеге дейін), «Эссенциале форте Н» (30 капсула) (10,3%-ға, 2,9 мың теңгеге дейін), «Но-шпа» (40 мг, 100 таблетка) (10,2%-ға, 2,7 мың теңгеге дейін), «Корвалол» (25 мл) (9%-ға, 180 теңгеге дейін), «Аквалор» (125 мл) (8,4%-ға, 2 мың теңгеге дейін). Сондай-ақ, «Ренни», «Омез», «Ксимелин», «Ингавирин», амброксол және басқа да препараттар бағасы айтарлықтай өсті.

Елімізге 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында 615,8 млн долларға 12,4 мың тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Өсім заттай көріністе 70,7%-ды, ақшалай көріністе 92,4%-ды құрады.

ТМД-ға кірмейтін елдерден 7,1 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 81,8%-ға артық. Мұнда ең көп көлем Қытайға (1,3 млн тонна 5,4 млн доллар сомаға), Үндістанға (1 мың тонна, 44,8 млн доллар) және Германияға (947 тонна 107,8 млн доллар сомасына) тиесілі болды.

sn.kz




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 15:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31