Нарық

Елімізде едәуір қымбаттаған азық-түліктің түрі анықталды

  • Елімізде едәуір қымбаттаған азық-түліктің түрі анықталды

    Елімізде едәуір қымбаттаған азық-түліктің түрі анықталды

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,7%-ға өсті. Жалпы өсудегі үлесі 5,9 пайызды құрап отырған көкөністер едәуір қымбаттады. Сонымен қатар ішкі нарықты жаңа піскен отандық көкөністерімен толтыру нәтижесінде тамыз айының ортасынан бастап бағалар тұрақтанып, төмендей бастады. Соңғы 3 аптада бағалар 0,7 пайызға төмендеді, - деді ол.
Ол атағандай, ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп 64%-ға, сәбіз 54%-ға, пияз 4%-ға, қырыққабат 2%-ға арзандады.Бағаның ең жоғары өсуі Түркістан облысында және Қызылорда облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Бағаның ең төмен өсуі 8,6% – Қарағанды облысында, 8,9% – Алматы қаласында және 9,2% – Алматы облысында белгіленді, - деді ол.

Аягөз ҚҰРМАШ

BAQ.KZ тілшісі




Көрілген: 665    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 11:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31