Нарық

Елімізде ең бай адамдардың табысы қанша?

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Finprom.kz порталының сарапшылары Қазақстандағы ең бай адамдардың табысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Портал мәліметі бойынша, елімізде 12,1 миллион ересек адам тұрады. Олардың 96,6 пайызы, яғни 11,7 миллион адамның жалақысы айына 10 мың доллардан кем екен.


Ал 2,7 пайызы немесе 326 мың адам жылына 10-нан 100 мың долларға дейін ақша табады.


Қазақстандықтардың 0,35 пайызының немесе 42 мың адамның табысы 100 мыңнан миллион долларға дейін ауытқиды.


Сонымен қатар, тұрғындардың 0,05 пайызы немесе 5,8 мың адам 50 миллион долларға дейін ақша табады.


162 адам, халықтың 0,001 пайызы, жалпы байлықтың 55 пайызына ие. Оның ішінде 112 адам жылына 50-ден 80 миллионға дейін, 45 адам - 80-нен 800 миллионға дейін және бес адам - екі-үш миллиард долларға дейін табыс табады.


2019 жылдың екінші тоқсанында халықтың орташа ақшалай табысы 169,5 мың теңге болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда (153,7 мың теңге) 10,3 пайызға артық.


Аймақ бойынша жалақысы ең көп өңір - Алматы қаласы 234,9 мың теңге. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 218,8 мың болған.


Елордада орташа табыс 226,7 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артық (213,5 мың).


Үздік үштікті түйіндейтін Қарағанды облысы. Бұл жерде халықтың орташа табысы 9,4 пайызға артқан, яғни 199,7 мың теңге (бір жыл бұрын - 182,6 мың).


Табыс бойынша өңірлердің үздік бестігіне Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облысы кірді - тиісінше 198,4 мың және 191,7 мың теңге. Еліміздің сегіз өңірінде халықтың табысы орташа республикалық есептен төмен.


Табысы ең аз Түркістан (100,4 мың), Жамбыл (128,1 мың) және Қызылорда (137,7 мың) облыстары.


Табыстың негізгі бөлігі еңбек қызметінен түседі: 72,8 пайыз немесе 123,4 мың теңге. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 115,1 мыңға тең болған.


 


 


 


 


 




Көрілген: 691    Пікірлер: 0

жұма, 04.10.2019, 16:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31