Елімізде халықаралық такси қызметтерінің бірі жұмысын тоқтатады

21 ақпан 2022, 21:30

Әлемнің 15 елінде қызмет көрсететін DiDi қызметі 4 наурыздан бастап Қазақстан мен Ресейде жұмысын тоқтатады.

 

«Біз өз миссиямыз – жолаушылар мен серіктестеріміздің күнделікті өмірін ыңғайлы етіп, ең жақсы қызмет ұсыну деп есептейміз. Өкініштісі, біз мұны Қазақстанда бұдан былай жалғастыра алмаймыз. Мұнда DiDi 2022 жылдың 4 наурызынан бастап жұмысын тоқтатады», – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.

 

Олар іске қосылған сәттен бастап өздерін қолдаған барлық жүргізуші мен жолаушыға алғыс білдірді.

 

«4 наурызға дейін әдеттегідей DiDi қызметіне жүгіне аласыз», – деп толықтырды компания.

 

 

 

aikyn.kz