Елімізде жайылым тапшылығынан фермерлер мал басын азайтуға мәжбүр

30 қыркүйек 2021, 17:05

Елде жайылым тапшылығы шамамен 30 миллион гектарды құрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Осыған байланысты фермерлер мал басын азайтуға мәжбүр, ал қарқынды жайылымға байланысты жердің құнарлылығы төмендейді. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы топырақ эрозиясына, жем-шөптің қымбаттауы мен мал шығынына әкеледі.

 

Депутат осыған байланысты елдегі жайылымдарды басқаруға қатысты сұрақтарға Қазақстан Үкіметінен жауап беруді сұрады.

 

Ольга Булавкина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

 

- Біріншіден, жайылымдық жерлердің құнарлығының төмендеу себептері мен оларды қалпына келтіру және пайдалану процестерін басқару шараларының тиімділігі нашар екеніне талдау жасала ма? Екіншіден, жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыру және жаңа мелиорациялық жүйелер салу арқылы жердің құнарлығын қайтаруға мүмкіндік беретін технологияларға қандай инвестициялар тартылды?