Нарық

Елімізде қашықтан жұмыс істейтіндер саны 2 есе азайды

  • Елімізде қашықтан жұмыс істейтіндер саны 2 есе азайды

    Елімізде қашықтан жұмыс істейтіндер саны 2 есе азайды

Бұл ретте қашықтан істейтін жұмысшылардың басым көпшілігі әйелдер, ер адамдар тек 36,5% болып отыр.

Дағдарыстан кейін қалпына келу кезеңінде Қазақстанның еңбек нарығы пандемияға дейінгі көрсеткіштерге оралуда. Бірақ кейбір құрылымдық өзгерістер бар. 3-тоқсанда қашықтан жұмыс істейтіндер саны айтарлықтай төмендеді: өткен тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 75 мыңнан 41 мың адамға дейін азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шектеу шараларын жеңілдете отырып, қызмет көрсету, соның ішінде ақпарат және байланыс, сауда және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыспен қамту көлемі артты. Сонымен қатар, жұмыспен қамту құрылымы өзін жұмыспен қамтуды ұлғайту жағына қарай өзгеруде, бұл көбінесе өнімсіз болып келеді», - деп хабарлады «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.

Қашықтан істейтін жұмысшылардың күрт төмендеуі жұмысшылардың дәстүрлі жұмыс форматына оралуымен байланысты. Бұл ретте қашықтан істейтін жұмысшылардың басым көпшілігі әйелдер, ер адамдар тек 36,5% болып отыр. Сондай-ақ ауылда қашықтан жұмыспен қамтудың қысқаруы (36%-дан 18%-ға дейін) және қалалық жерлерде қашықтан жұмыс істейтіндердің баламалы өсуі байқалады.

Сонымен қатар, жұмысшылардың 93% өздерінің байланыс құралдарын пайдаланса, жұмыс берушілердің қажетті жабдықтарымен 7% ғана қамтамасыз етілген. «Өткен тоқсанмен салыстырғанда, биылғы жылдың 3-тоқсанында жұмыс күшінің саны 7,2 мың адамға немесе 0,1% өсті және 9,3 млн құрады. Егер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырсақ, жұмыс күшінің 95,7 мың адамға немесе 1% артуын атап өтуге болады», - деді сарапшы. Сонымен қатар, уақытша жұмыспен қамтылмау ағымдағы жылдың 2-тоқсанымен салыстырғанда 44% немесе 59,6 мың адамға артты, бұл бұрынғыдай шектеу шараларына емес, көбінесе маусымдық ауытқуларға байланысты.

Осылайша, жұмыссыздардың саны негізінен «демалушылар» есебінен толықтырылды, олардың саны 3-тоқсанда 4,3 есе өсті. Сонымен қатар, жұмыс берушінің бастамасы бойынша уақытша жұмыспен қамтылмағандардың саны бір тоқсанда 28% және бір жылдық кезеңде 97% қысқарды. «Сондай-ақ 3-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны айтарлықтай азайды.

Егер өткен тоқсанмен салыстырғанда азаю бар болғаны 606 адамды құраса, өткен жылдың 3-тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 4 мыңға жуық адамға қысқарды. Бірақ жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды және соңғы төрт тоқсан ішінде осындай болып қалуда. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де айтарлықтай өзгеріссіз қалды – 3,7%», - деді сарапшы. Өңірлер бөлінісінде жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (4,6%-дан) сақталуда. Жұмыссыздық республикалық деңгейден жоғары Түркістан облысында (5,1%), сондай-ақ Алматы (5,1%) және Шымкент (5%) қалаларында тіркелген.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, осы жылдың 3-тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 243,7 мың теңгені құрап, тоқсан ішінде абсолюттік мәнде 8 мыңға жуық теңгеге қысқарды. Бұл ретте Атырау (+5,2%), Қостанай (+3,2%) және Батыс Қазақстан (+2%) облыстарынан басқа барлық өңірлерде төмендеу орын алды.




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.11.2021, 12:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31