Нарық

Елімізде көлік дөңгелектерінің бағасы аспандап кеткен

  • Елімізде көлік дөңгелектерінің бағасы аспандап кеткен

    Елімізде көлік дөңгелектерінің бағасы аспандап кеткен

Биыл Қазақстанда автокөлік баллондарының бағасы шарықтап тұр. Арнайы дүкендерде қысқы көлік дөңгелектерінің құны 20 пайызға қымбаттап кеткен. Базарлардағы баға да көңіл қуантарлық емес. Сатушылар да, оны алушылар да бұны растап отыр. Қысқа дейін әлі екі ай уақыт болса да, дөңгелек нарқының күрт көтеріліп кетуіне не себеп? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматының көлік балондарын сататын арнайы дүкендерінде дөңгелектердің құны аспандап кеткен. Брендке айналған жапониялық, неміс және ресейлік тауар түрлері айтарлықтай қымбаттапты. Қытайлық каучуктардың бағасы да мәз емес. Қыстың қамын жасау үшін қалтаңызда кемінде 120 мың теңге болуы керек. Оның өзі арзанын алу үшін. Ал қымбатының құны ұшып тұр.  

 
“Мынау дөңгелек мысалы, бізге танымал Toyota Camry дөңгелегінің өлшемі. Былтыр бұны 71-75 мың теңгеге алуға болады. Енді өсті. Қазір 85 мың 400. Бағалар апта сайын емес, күн сайын өседі. Мына короновирус деген эпидемиядан кейін логистикалық тізбек бұзылды”, – дейді  сатушы Медет Байшалов 

Базарлардағы баға да мәз емес. Барлық резеңке дөңгелектер 10 пайызға қымбаттады дейді сатушылар. Төрт дөңгелекті 100 мың теңгеге саудаласып жүріп алуға болады. Оның өзі қытайлық каучук. Ал танымал брендтердің құны әлдеқайда қымбат. Бірақ, таптыра бермес тауарға айналған. 

“Былтырғыға қарағанда біраз қымбат. Әрқайсысы қымбат. Неліктен екенін біз білмейміз. Фирмадан солай кеп жатыр. Ресейлік дөңгелек мүлдем жоқ. Былтыр көп еді. Қытайлық қана қалды. Қытайлықтың өзі қымбат”, – дейді сатушы Ерназар Баймұратов. 

Сатушылар базардың өзінде шиналардың бағасы 22 мың теңгеден басталады. Ал былтыр 16 мың теңгеге бір дөңгелек алуға болатын еді дейді. Қазір бұл бағаға тек шағын көліктердің кіп-кішкентай резеңкесіне қанағат қылады екен.  

Шиналардың құны қазір күн санап шарықтап жатыр. Қара суыққа қамданған қарашаның оны алмасқа амалы жоқ екені түсінікті. 

Stan.kz




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.10.2021, 11:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31