Нарық

Елімізде көліктің қосалқы бөлшектерін техникалық паспортсыз сатуға тыйым салынады

  • © Photo :  Алматы ПД

    © Photo : Алматы ПД

Қазақстанда пайдаланылған қосалқы бөлшектерді техникалық паспортсыз сатуға заң жүзінде тыйым салынады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.

 

Ол министрлік ішкі саудаға байланысты бірқатар заңнамалық бастама көтергенін атап өтті. Мәселен, өткен жылдың маусымында автокөліктің қосалқы бөлшектерін тек мамандандырылған дүкендерде ғана сату туралы норма енгізілді.

 

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда осы дүкендерде бақылау күшейтіліп жатыр. Енді олардың қызметі ломбард жұмысына ұқсас болған.

 

"Қосалқы бөлшекті автобазарға өткізбес бұрын, ол осы қосалқы бөлшек алынған автокөліктің техникалық паспорты мен жеке куәлігін көрсетуге міндетті. Яғни, біз базарда қандай пайдаланылған қосалқы бөлшектер сатылғанын, оны кім сатқанын біліп жүреміз", – деп түсіндірді Тұрғымбаев мәжіліс отырысында.

 

Жақын арада мәжіліске Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтыру енгізіледі.

 

Оған сәйкес, мінілген автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

 


 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 14:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31