Нарық

Елімізде көпқабатты тұрғын үйлерді төрт-ақ айда салатын болады

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы ModeX зауытының құрылысымен танысты, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.


Салынып жатқан жаңа зауыт астанадағы "Астана – жаңа қала" АЭА №1 индустриялық паркінің аумағында орналасқан.



Модульді үй құрылысы – Германия, Сингапур, Қытай сынды елдерде қолданылатын тұрғын үй салудың заманауи озық технологиясы. Ол ғимараттарды тез, сапалы салуға мүмкіндік береді. Мәселен, таза әрленген 16 қабатты бір кіреберісті тұрғын үй әдетте 12-18 ай салынса, бұл технологиямен үйді небәрі 4 айдың ішінде тұрғызуға болады. Мұндай нәтижеге модульдік блоктардың яғни дайын бөлмелердің арқасында қол жеткізіледі. Олар конструктор бөлшектері тәрізді біртұтас болып жинақталады.


"Құрылыс секторы – Қазақстан экономикасының ең серпінді дамып келе жатқан саласы, өсімі 11,5% құрайды. Бұл жоба халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясының дамуына серпін береді", — деді Қазақстан премьер-министрі зауыт қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде.


Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, зауыт 700-ден астам жұмыс орнын құруға жол ашып, жылына 405 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді.


Зауыттың бірінші кезеңі осы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ал екінші кезеңі – 2020 жылы, үшінші кезеңі 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланған.



Кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар үшін дуалды білім беру жүйесі қарастырылып отыр.


sputnik





Көрілген: 684    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 19:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31