Нарық

Елімізде өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады: оның артықшылықтары

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры пайда болуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.

 

"Өнеркәсіпті дамыту қорын құру ұсынылады. Қор арқылы 3%-тен аспайтын мөлшерлемемен өңдеуші кәсіпорындарға кредит беру жоспарлануда", – деді Дәленов үкіметте 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстыру барысында.

 

Кешенді жоспарда өңдеуші өнеркәсіпті қолдау үшін қаржыландыру тетіктері айтарлықтай кеңейтілген.

 

Ұлттық банктің бағдарламасы бойынша өңдеу өнеркәсібі субъектілерінің айналым қаражаты жеңілдікпен қаржыландырылады.

 

Сонымен қатар, өңдеуші кәсіпорындар "Бизнестің жол картасы–2025" бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алады. Оларға экспорттық кредит беріледі.

 

"Бірнеше банктің бір қарыз алушыны бірлесіп кредиттеуі үшін банктік синдикатталған кредит беру жоспарлануда", – деді министр.

 

Бұдан бөлек, үкімет отандық өндірушілердің тауарларын өткізу бойынша бірқатар шараны қолға алмақ.

 

"Бұл мемлекеттік сатып алуда, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында оффтейк-келісімшарттар жасау. Жеңілдетілген қаржыландыруды алушыларға отандық материалдар мен жабдықтарды пайдалану бойынша міндеттемелер белгілеу. Міндеттемелер жеке инвесторлармен лицензиялық келісімшартта бекітілетін болады", – деді Дәленов.

 

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидия беру тетігі жетілдіріледі. Жоғары экспорттық өнім өндірушілердің тасымалдау шығынын өтеу 80 процентке дейін ұлғайтылады.

 


 




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 11:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31