Елімізде азық-түлік бағасы қымбаттады. Оның себебі әр түрлі дейді сарапшылар. Ал құзырлы министрлік бұған не айтады? Осы және өзге де мәселелерге толығырақ "экономика жаңалықтарында" Аstana арнасының тілшісі тоқталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Әлемдегі экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан 2 айда алтын бұйымдар бұрынғыға қарағанда 5 процентке көп сатылған. Бірақ оның бір проценті ғана -отандық өнім. Қалғаны Ресей, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігінен жеткізілген.
Алтын, күмісті жарқыратып жүретіндердің 4%-і әшекейін тапсырыспен жасататын көрінеді. Қалғаны дайынын сатып алады.
Қазір әлемде алтынның бір унциясы 1900 доллар шамасында. Бұл өз кезегінде әшекейлердің қымбаттауына алып келгені анық.
Өкінішке қарай, кей тұтынушы қыруар ақшаны аңдаусызда жасанды бұйымға жұмсап қоюы мүмкін. Зергерлер лигасының өкілдері отандық нарықтағы әшекейлердің 90 проценті сапасыз, тіпті денсаулыққа зиян зиян қоспасы бар өнім екенін айтады.
Олқылықтың орнын толтыру үшін елімізде зергерлік бұйымдарды электронды таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылуы тиіс. Ол арқылы әр тұтынушы өнімнің тұпнұсқалығына көз жеткізеді. Тіпті сапасыз бұйымға шағым айта алады.