Нарық

Елімізде табысы аз отбасылар үшін «Менің кәсібім» атты жаңа жоба іске қосылды

  • © elorda.info

    © elorda.info

Елімізде аз қамтылған, көпбалалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған кәсіпкерлік жобасы іске қосылады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


«Қазақстанның барлық өңірлерінде аз қамтылған, көпбалалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау көрсетуге бағытталған «Менің кәсібім» атты жоба іске қосылады», – делінген ақпаратта.


Жобаны үйлестірумен және жүзеге асырумен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады.


«20 қыркүйекте Алматы әкімдігі мен «Менің кәсібім» жобасының авторы Айжани Нұрлановамен алғашқы тиісті меморандумға қол қою жоспарлануда. Алдағы уақытта осындай меморандумдар барлық облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорда әкімдіктерімен жасалатын болады», – деп хабарлайды министрлік.


Сондай-ақ, хабарламада жоба авторының мұқтаж азаматтарға қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды ұсыну арқылы үй бизнесін жүргізуге көмек көрсететіні айтылған.


Ведомствоның дерегіне сүйенсек, осыған ұқсас жоба Маңғыстау облысында пилоттық режимде жүзеге асырылып, нәтижесінде 250-ге жуық адам жеке кәсіпкерліктің негізгі дағдыларын үйреніп, өз ісін ашқан.


 24.kz




Көрілген: 966    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 17:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31