Нарық

Еліміздің ақылы жолдарында жеңілдікпен жүретіндердің тізімі кеңейтіледі

  • Еліміздің ақылы жолдарында жеңілдікпен жүретіндердің тізімі кеңейтіледі

    Еліміздің ақылы жолдарында жеңілдікпен жүретіндердің тізімі кеңейтіледі

Қазақстанда ақылы жолдар бойынша жеңілдікпен жүруге тиісті тұлғалардың тізімін кеңейту жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, республикалық маңызы бар жолдардағы ақылы учаскелермен жеңілдікпен жүретіндердің қатарына ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды қосу көзделуде. Қазір заң жобасы ҚР парламенті мәжілісінде қарастырылып жатыр.

 
"Бүгінде ақылы жолға іргелес елдімекендерде тұратын пайдаланушылардың бір ауданның шегіне өту үшін 1000 теңгені құрайтын жылдық тарифты қолдануға мүмкіндігі бар.

Жолаушыларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар, ақылы жолға іргелес аудандардағы автобустар, жедел медициналық көмек қызметтері, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметтері, патрульдік полиция мен әскери техникалар тарифтерден босатылған", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ұзындығы 5,8 мың шақырым жолды ақылы ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл келесідей жол учаскелері:

«Шымкент – Өзбекстан шекарасы»,

«Орал – РФ шекарасы (Саратов)»,

«Орал – РФ шекарасы (Самара)»,

«РФ шекарасы (Оренбург) – Ақтөбе»,

«Щучинск – Петропавл»,

«Қостанай – РФ шекарасы (Троицк)»,

«Шымкент – Қызылорда»,

«Шымкент – Тараз»,

«Тараз – Қайнар»,

«Қапшағай – Талдықорған»,

«Атырау – Бейнеу – Өзбекстан шекарасы»,

«Қарабұтақ – Қызылорда»,

«Ақтөбе – Орал»,

«Ақтау – Бейнеу»,

«Нұр-Сұлтан – Қостанай»,

«Павлодар – РФ шекарасы (Омбы)»,

«Нұр-Сұлтан – Павлодар»,

«Павлодар – Семей – Қалбатау».




Көрілген: 877    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 14:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31