Еліміздің қай өңірлерінде дәрі-дәрмек қымбаттады

22 қараша 2022, 09:29

Елімізде бір жылда фармацевтикалық өнімдер бағасы 13,3 пайызға өсті, деп хабарлайдв BAQ.KZ.
 
 
Energyprom сарапшыларының деректеріне сүйенсек, дәрі-дәрмектер Алматы (17,5 пайызға), Маңғыстау (17,1 пайызға), Ақтөбе (16,7 пайызға), Жетісу (16,2 пайызға) және Жамбыл (14,4 пайызға) облыстарында едәуір қымбаттаған. Ең аз өсім – Қызылорда облысында (8,9 пайызға).

Шығыс Қазақстан облысында баға өсімі – 11,4 пайызға тең.

Жалпы қаңтар-қазан аралығында еліміздегі дәрі-дәрмек өндірісі құндық мәнде 112 миллиард теңге болған, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,2 пайызға аз.

Өңірлік тұрғыда ең көп шығарылым көлемі Шымкентке тиесілі: 46 миллиард теңге, плюс бір жыл ішінде 10,3 пайыз.

2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанға миллиард долларға дәрі-дәрмек импортталды. Физикалық мәнде импорт 17,3 пайызға, ақшалай түрде 25,8 пайызға өсті.

ТМД елдерінен 101,3 миллион долларға 6200 тонна дәрі-дәрмек әкелінген. Негізгі көлем Ресейге (4600 тонна, жыл ішінде минус 16,6 пайыз), одан кейін Беларусь пен Украинаға тиесілі.

ТМД елдерінен 900 миллион долларға 12500 тонна дәрі әкелінді. Бұл жеткізушілердің ішінде Қытай көш бастап тұр (2600 тонна, жылдық өсім 2,1 есе), одан кейін Германия мен Үндістан.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/elimizdin-qay-onirlerinde-dari-darmek-qymbattady-292436/