Нарық

Елімізге Армениядан әкелінетін көліктер үшін кеден салығы өседі

  • https://www.drom.ru

    https://www.drom.ru

Қазақстандықтар үшін алдағы уақытта Армениядан көлік сатып алу тиімсіз болып қалуы мүмкін. Себебі, келер жылдан бастап кеден салығы өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».


Бұл ақпарат жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, азаматтар жыл соңына дейін барынша көп көлік сатып алуға ұмтылатын секілді.


Норагавит – Арарат кеден бөлімінің бірі. Сырттан келетін көліктің 70%-і осы жерде рәсімделеді. Күніне 600 көлікке дейін тіркеп, құжат береді. Жеңілдікті пайдаланып қалғысы келетіндер көп, сондықтан мұнда үнемі ұзақ-сонар кезек. Есесіне Ереванда көлік саны шамадан тыс артып, көшелерде кептеліс пайда болды.


Қаңтар айынан бері қалаға 100 мыңнан астам көлік әкелінген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,5 есе артық. Жаз айларында сатып алушылардың белсенділігі тіпті артады.


Гарик Минасян, Армения кіріс комитетінің тарифті реттеу және бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы:


- Егер елге көлікті жеке тұлға өзінің қажеті үшін әкелетін болса, Еуразиялық экономикалық одақтың Салық кодексіне сәйкес тасымал мен сақтандыру шығыны оның құнына қосылмайды. Мысалы, қазір 3300 доллар тұратын көлікке кеден салығы 10, қосымша құн салығы 20, ал экологиялық алым 10% болады. Жалпы есептегенде 1400 доллар шығады. Ал 2020 жылдан бастап шетелден әкелінетін көлікке әр куб сантиметріне 5 еуродан алынады. Сонда жалпы кедендік төлем 12 800 еуро болады.


Қазір Кеден комитеті жыл соңына таман төтенше жағдайды болдырмас үшін тұтынушыларға жаңа тәртіпті жан-жақты түсіндіруде.


Қысқасы, келесі жылы дәлірек айтқанда, 1 қаңтардан бастап жеңілдіктер күшін жояды. Көлікті арзан ақшаға тіркеу мүмкін болмайды.


Гарик Минасян, Армения кіріс комитетінің тарифті реттеу және бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы:


- Егер жеке тұлға желтоқсанның 31-іне дейін елге көлік әкеліп, жолаушы кеден мәлімдемесін толтыратын болса, онда салықтар да жеңілдікпен есептеледі. Ал егер декларация қаңтардың 1-інде рәсімделсе, онда салық жаңа талап бойынша алынады.


Армения – Еуразиялық экономикалық одақққа мүше мемлекет. Сондықтан бұл елдегі жағдай Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 жылғы шешімімен реттеледі. Ал жаңа тәртіптің қолданылуына 89 күн қалды.


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 1514    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.10.2019, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31