Нарық

Елімізге жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қоныс аударды

  • Елімізге жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қоныс аударды

    Елімізге жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қоныс аударды

Қазақстанға жыл басынан бері 2407 этникалық қазақ қоныс аударды. Олардың көбі Өзбекстан мен Қытайдан көшіп келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды.
Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түркіменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды.

Биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 17,3%-ды құрайды.




Көрілген: 1599    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.03.2021, 14:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31