Нарық

Елорда әкімдігі баспана алудың үш жолын атады

  • © Автор:Динара Куатова

    © Автор:Динара Куатова

Нұр-Сұлтан әкімдігі мемлекет көмегімен баспаналы болудың үш жолын атады.

 

Әкімдік ақпаратынша, тұрғын үй заңнамасына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер мұқтаж азаматтарға беріледі.

 

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында баспанамен қамтудың бірнеше бағыты қарастырылған.

 

Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй

 

Баспана халықтың тұрмысы төмен санатына және көпбалалы отбасыларға кезегі бойынша беріледі. Пәтерді жалдау мерзімін ұзарту құқығымен бес жылға алуға болады.

 

Сондай-ақ, арендалық пәтер жұмысшы жастарға да беріледі. Олар: 29 жасқа толмаған, Нұр-Сұлтанда кемінде екі жыл тіркеуде тұрған және Қазақстанда соңғы екі жылда баспанасы болмаған азаматтар.

 

Олар да пәтерді бес жылға алу мүмкіндігі ие, бірақ одан әрі жалдау мерзімін ұзарта алмайды. Осы уақыт ішінде жастар өз баспанасын сатып алу үшін бастапқы жарнаға ақша жинай алады.

 

Әкімдікте кезекте тұрған тұрмысы төмен отбасыларды ТҚЖБ арқылы несиелендіру (Бақытты отбасы)

 

Бұл бағытқа кезекте тұрған келесі санаттағы азаматтар қатыса алады:

 

* көпбалалы отбасылар;

* толық емес отбасылар;

* мүгедек балалары бар отбасылар.

 

Осы бағыт аясында тұрмысы төмен отбасыларға "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы жылдық 2%-пен 20 жылға дейін несие беру көзделген. Бастапқы жарна 10%-тен аз болмауы тиіс.

 

Сонымен қатар, әкімдік бастапқы жарна үшін 1 миллион теңге тұрғын үй сертификаттарын береді.

 

Әлеуметтік кредиттік баспана

 

Бұған әкімдік кезегінде тұрған банк салымшылары қатыса алады. Осы бағыт аясында Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі бастапқы жарна қарыз сомасының кемінде 20%-нен кем болмаған жағдайда, 25 жылға дейінгі мерзімге жылдық 5%-тен аспайтын мөлшерлемемен ипотека береді.

 

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ақпаратынша, қазір елордада 46 480 адам баспана кезегінде тұр. Оның ішінде көпбалалы отбасылар саны – 4 319;

 

Заңға сәйкес баспана кезегіне мына азаматтар тұра алады:

 

* ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;

* жетім балалар;

* көпбалалы отбасылар;

* толық емес отбасылар;

* мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

* жасы бойынша зейнеткерлер;

* I және II топтағы мүгедектер;

* оралмандар;

* мемлекеттік қызметшілер;

* бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

* әскери қызметшілер;

* жалғыз баспанасы апатты деп танылған адамдар.

 

sputniknews.kz


 




Көрілген: 683    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 18:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30