Нарық

Елорда әкімдігі құрылыс компанияларының "қара тізімін" жариялады

  • https://astana.gov.kz/

    https://astana.gov.kz/

Астанада 31 құрылыс ұйымы үлескерлер қаражатын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ компаниялар тізіміне енді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

"Тізімдегі көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады", - деп жазылған ақпаратта.

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардан сақ болуды сұрады. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда баспана сатып алудан бас тартқан жөн.

 

"Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" заңнамада үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 320-бабы, сондай-ақ Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген", - деп жазылған әкімдік сайтында.

 

Туындаған сауалдар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы орта сапасы және бақылау басқармасына жүгінуге болады.

 

Байланыс телефондары: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30.

 

Үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылар тізімімен төмендегі құжаттан танысуға болады.

 

 

 

 




Көрілген: 938    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 18:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31