Нарық

Елорда бойынша бірыңғай тұрғын үй тарифін белгілеу ұсынылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

iQamal кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қауымдастығының басшысы Гүлвира Абетова Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірыңғай тұрғын үй тарифін бекіту туралы бастама көтерді деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

 

Мүлік иелері бірлестіктерін құру мәселесіне арналған қоғамдық тыңдауда елорда бойынша тұрғын үй тарифін біріздендіру мәселесі сөз болды.

 

«Тарифті қайта қарау мүмкіндіктерін зерделеу керек сияқты. Елордада 1997 жылдан бері тарифі көтерілмеген үйлер бар. Ондай үйлердің тұрғындары тарифтегі өзгерістерді айтарлықтай ауыр қабылдап жатады», - деді iQamal қауымдастығының басшысы.

 

Бұл ұсынысты қолдаған қалалық мәслиаттың хатшысы Ерлан Каналимов тариф теңсіздігінің өзектілігіне тоқталды.

 

«Қала бойынша нақты бір тарифті бекітуге болады деп ойлаймын. Бұрын тұрғын үй қорын күтіп ұстаудың ережелері болды емес пе? Осы тұстарды ескере отырып, мәселені кеңінен қарау керек деп ойлаймын. Өйткені тарифтер шынымен де 15 теңгеден басталып 120-150 теңгеге дейін барады. Мұның бәрі, бірінші кезекте, азаматтардың төлем қабілетін байланысты», - деді Ерлан Каналимов.

 

 

 




Көрілген: 1053    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.03.2021, 20:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31