Нарық

"Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысты тың ақпарат жарияланды

  • "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысты тың ақпарат жарияланды

Бағдарламада қолданыстағы заңнама бойынша Нұр-Сұлтан қаласында кезекке тұра алмай жүрген жастарды қамту карастырылған. "Отбасы банк" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл "Алматы жастары" сияқты "Елорда жастары" бағдарламасы іске асырылады. Оның негізгі авторы &ndash әкімдік. Сондықтан осы бағдарламаға жергілікті бюджеттен ақша бөлінеді. Біз әлі келісімге қол қойған жоқпыз. Бірақ тиісті жұмыс жүріп жатыр. Негізгі шарттары, яғни, осы бағдарлама бойынша қандай жастағы азаматтар және қай мамандық иелерін үймен қаматамыз ету жағы пысықталуда", - деді Матаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, жақын арада мәслихат отырысында бағдарламаның негізгі шарттары мен бюджеті бекітіледі. Осы орайда филиал басшысы талқыға салынған бағдарламаның тұжырымдамасына да тоқталды.

"Ол жерде жастардың жасы 35-тен аспауы керек. Бөлінетін кредиттің шегі 13 миллион теңгенің шамасында есептеліп отыр. Алғашқы жарна &ndash 10 процент. Одан кейін қолданыстағы заңнама бойынша Нұр-Сұлтан қаласында кезекке тұра алмай жүрген жастарды қамту карастырылған. Қазіргі тұжырымдамада бұқаралық ақпарат құралдарында істейтін азаматтар да бар. Сосын бюджеттік салада еңбек етіп жүрген мұғалімдер, полицейлер, одан кейін өнер мен әлеуметтік сала қызметкерлерін де қамту мәселесі алдын ала көрсетіліп отыр", - деп атап өтті Матаев.

Филиал басшысының сөзіне қарағанда, тізім әлі толықтырылады. Оған өндіріс пен ақпараттық технологиялар мамандарын да қосу жоспарланып отыр.

"Жергілікті мәслихаттың отырысы қай кезде болатынын айта алмаймын. Бірақ биыл болатыны анық, бұл бағдарлама наурыз айында басталады деп айтуға болады", - деді Матаев.




Көрілген: 1440    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 14:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30