Нарық

Елордада 15 жыл бойы салынып жатқан үй бұзылатын болды

  • Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов

    Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордада толық салынып бітпеген "Территория комфорта-1" тұрғын үйі сүрілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы елорда әкімі 21 тамызда болған Nur Otan саяси кеңесі кеңейтілген отырысының кулуарында мәлімдеді.


"Сіз сұрап отырған нысан бойынша, үйге демонтаж жасау керек. Қазір құжаттарды дайындап жатырмыз, кейін жаңасын саламыз. Үлескерлерге жаңа үй салып береміз", - деді Көлгінов 15 жыл бұрын салынып басталған тұрғын үйдің құрылысы жайлы сұраққа.


Көпқабатты тұрғын үй кешені елорда орталығында 2004 жылдан бері салынып жатыр. Бірақ құрылыс әлі біткен жоқ.


Нысан сол жағалаудың орталық көшелерінің бірінде орналасқан.


Бірнеше жыл бұрын бұл үй бітпеген нысандардың жәрмеңкесінде ұсынылған еді. Жәрмеңке тұрғын үйлердің құрылысын бітіруге дайын инвесторлар үшін өткен.


 




Көрілген: 840    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 12:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30