Нарық

Елордада бірнеше автобуста жолақыны банк картасы арқылы төлеуге болады

  • © Елорда әкімдігі

    © Елорда әкімдігі

City Transportation Systems ЖШС-де Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көліктерінде жол ақысын төлеудің жаңартылған электрондық жүйесі таныстырылды.

 

Пилоттық жоба аясында жолаушылар VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасай алады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

 

Жаңартылған жүйе көлік карталарын толықтырудың онлайн режиміне көшуді қамтиды. Сондай-ақ банк карталарымен төлеу қолжетімді болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, 18 қазаннан бастап елордада бірнеше қоғамдық көлік бағытында пилоттық режимде үш жеткізушіден кез келген екінші деңгейдегі банктің картасымен жол жүру төлемі тестіленуде.

 

Пилоттық жоба аясында жолаушы VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасай алады. Транзакцияны жүргізу үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға қосу жеткілікті.

 

Жүйені тестілеу №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, сондай-ақ қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда жүргізіледі.

 

Айта кетейік, пилоттық жоба барлық бағыттарда толыққанды масштабтау алдында түрлі жеткізушілердің банк картасымен жол жүру ақысын төлеу валидаторларын тексеруге мүмкіндік береді.

 

«Атап өту маңызды, бұл жаңашылдықтар жол жүру құнына әсер етпейді, барлық тариф өзгеріссіз қалады. Бұдан басқа, жүйені жаңарту тек инвестордың есебінен жүзеге асырылатын болады, яғни бюджет қаражаты қолданылмайды. Біз үшін жолаушылардың жайлылығы және жаңа жүйеге көшудің ауыртпалықсыз болуы болып маңызды», – деді City Transportation Systems ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

 

Бүгінгі таңда қызмет көрсетушілер арасында үш компания бар.

Олар: Innoforce solutions ЖШС (Avtobys), SMSBUS ЖШС, «Технодата» ЖШС.

 

Тұсаукесер барысында олар валидаторларда әр жүйенің артықшылықтарын көрсетті.

 

Мысалы, Innoforce solutions ЖШС өзінің Avtobys.kz мобильді қосымшасын ұсынады, оның көмегімен қоғамдық көлікте жол ақысын инновациялық және ыңғайлы тәсілдермен төлеуге болады: Bluetooth, QR, NFC, банк картасы. Bluetooth – жол ақысын төлеудің бірегей және ыңғайлы тәсілі, ол валидаторға жақындамай, жол ақысын екі рет басу арқылы төлеуге мүмкіндік береді.

 

Барлық әзірлемелер отандық болып саналады.

 

SMSBUS ЖШС жүйесі де толығымен қазақстандық болып саналады және төлеудің бірқатар тәсілдеріне ие. Ол – банктік карталар, QR, NFC, Apple Pay, Samsung Pay және т.б.

 

Сонымен қатар, бұл әзірлеме қолданыстағы көлік карталарының жұмысын 100% қолдайды, сол арқылы жолаушылар үшін көрінбейтін бірқалыпты жіксіз көші-қонды қамтамасыз етеді.

 

Айта кетейік, елорданың қоғамдық көліктерінде жолаушылар ағыны орташа есеппен 600 мыңнан астам адамды құрайды. Жолаушылар жол ақысын екі жолмен төлей алады – бұл көлік картасы және QR-кодты сканерлеу, ол үшін әртүрлі қосымшалардың 13 түрі бар (Transcard, Kaspi.kz, Homebank, ұялы байланыс операторларының қосымшалары және т.б.). 100 пайыз қолма-қол ақшасыз жүйеде көлік карталарымен төлеу үлесі 52%-ті, QR-кодпен 48%-ті құрайды.

 

Жол жүру құны – 90 теңге. Бұл сома 7 жыл ішінде өзгерген жоқ.

 

 

 

 

24.kz




Көрілген: 708    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 18:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31