Нарық

Елордада ең ірі 10 базар сүріп тастамақ

  • © 24.kz

    © 24.kz

Елордалық әкімдік қаланың ең ірі 10 базарын сүріп тастамақ. Нақтырақ айтқанда, Орталық, Алаш, Шарын, Шанхай секілді сауда орындарындағы заңсыз тұрғызылған дүңгіршектер қиратылады, де хабарлайды «Хабар 24».


Заңсыз тұрғызылған дүңгіршектер сүріледі деген ақпарды тексеру үшін келген журналистерге камераға түсіруге тыйым салды.


"Жабайы базардың былығы көп осындай. Сол себепті, мұндағы саудагерлерді көшіру туралы шешім қабылданды. Бірақ мұны сатушылардың өздері естімеген сыңайлы. Қалай болса, солай қойылған контейнерлер Елорданың көркін бұзып тұр. Сондықтан ондағы сатушылардан бастап, дөнер дүңгіршектері мен дәмхана иелері де орындарын жыл соңына дейін босатуы тиіс".


Базар басшылары бұл туралы «саудагерлерді әу бастан ескертіп қойдық», деп сендірді.


Мұратбек Ахмадов, базар директоры:


- Біз білмейміз неге олар солай айтатынын. Біз оларды ескерттік бір жыл бұрын. Қазір біз жаңартуды бастадық. Жаңа ғимараттарды салуды бастадық. Сол ғимараттардың ішіне біз оларды көшіреміз.


Алайда жергілікті биліктің бұл шешімін қолдағандар да табылды. Елордалық әкімдік қаланың шетін заңсыз сауда нүктелерін жойып, ретке келтірмек.


Бірақ мұндағы саудагерлер орынсыз қалмайды. Олардың барлығы да қазір құрылысы жүріп жатқан мына заманауи сауда кешеніне көшіріледі. 60 мың шаршы метр аумағы бар ғимаратта 12 мың кәсіпкер емін-еркін бизнесін дөңгелете алады.


Осы базарға апаратын Алаш тас жолы да күделі жөндеуден өтпек.


 




Көрілген: 1138    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.04.2019, 11:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30