Нарық

Елордада газ ұрлаудың алғашқы әрекеті тіркелді

  • ©

    © "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласында елорда үшін жаңа қылмыс түрі &ndash табиғи газ ұрлау әрекеті тіркелді. Көктал-2 ықшам ауданының тұрғыны жерасты газ құбырына заңсыз қосылып, табиғи отынды ұрламақ болған. Бұл деректі көшедегі газ құбырларына тексеру жүргізген газ мамандары анықтады.

 

 

Ұрлаудан бөлек, газды тұрмыста пайдалану талаптарын сақтамаудың мұндай әрекеті ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Біріншіден, бекітілген талаптарды өрескел бұзып, сақтық шараларын сақтамай, құбырға рұқсатсыз қосылу салдарынан газ ауаға тарап, бір жерге шоғырланып, шегіне жеткенде кейде жарылысқа себеп болып жатады. Болуы мүмкін қайғылы жағдайды  айтпағанда, жарылыс салдарынан тұрғындар қыруар материалдық шығын шегеді.

 

 

Заңға сәйкес, газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз қосылу қылмыс  болып саналады. Осы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тергеу органдары қылмыстық іс қозғап, тексеру бастады.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қызметкерлері тұтынушыларға газбен жабдықтау жүйесіне қосылуға техникалық шарттар беру бойынша жұмыс жүргізуде.

 

 

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі




Көрілген: 1296    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.11.2020, 14:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31