Нарық

Елордада жастарға арналған жалдамалы пәтер қашаннан бастап беріледі

  • https://bnews.kz

    https://bnews.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының басшысы Талғат Рахманберді елорда жастарына жалдамалы пәтер қашаннан бастап берілетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Нұр-Сұлтан қаласында 14-29 жас аралығында 245 мыңнан астам азамат бар. Осы бағдарламаға сәйкес, жыл соңына дейін 1050 пәтер беру қарастырылған. Дәл қазіргі уақытта осы пәтерлердің тиісті конкурстық құжаттары дайындалып жатыр. Біз жоспар бойынша қараша айынан бастап бағдарламаға құжат қабылдаймыз. Ол үшін ешқайда барып, ешқандай кезекке тұрудың қажеті жоқ. Құжаттарды қабылдау «Смарт-Астана» алаңында толығымен электронды түрде өтеді. Ол туралы біз уақыты жақындағанда тағы да хабардар етеміз», - деді Талғат Рахманберді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Еске сала кетсек, былтыр Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын мәлім еткен болатын.


Ал былтыр күзде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сол тұстағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек (қазір - Премьер-министрдің орынбасары) Астана, Алматы, Шымкент жұмысшы жастарына 1 мың пәтер салу мамырда басталатынын хабарлаған еді.


Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасына қалай қатысуға болатынын бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтып берді. Жалдамалы пәтер алғысы келетін жастар бағдарламаға қатысу үшін мына сілтемедегі құжаттарды жинауы тиіс.


 


 




Көрілген: 387    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 16:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30