Нарық

Елордада жыл басынан бері 360-тан астам бизнес идеяға грант берілді

  • © astana.gov.kz

    © astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік грант алу жөніндегі үміткерлер өтінішін қарау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы сегіз үміткерге мемлекеттік грант беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

Комиссия отырысында жартылай фабрикаттар өндірісі, кондитерлік өнімдер, киім тігіні, сұлулық салондарының қызметтері секілді түрлі бағыттағы кәсіптер қолдау тапты.

 

Мемлекеттік грантты кімдер ала алады?

 

Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер: жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты аясында оқуын аяқтаған адамдар.

 

Айта кетейік, жыл соңына дейін жалпы саны 400 мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр. Ал бүгінге дейін 363 өтініш қолдау тапты. Биылғы гранттың ең жоғарғы мөлшері – 200 АЕК (583 400 теңге).

 

Мемлекеттік грант алу жөнінде ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» бизнес орталығына баруға немесе 8 (7172) 95 44 16; 8 (7172) 954418 нөмірлеріне хабарласып білуге болады.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.08.2021, 17:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31