Нарық

Елордада көпбалалы отбасыға арендалық баспанаға қанша жылға беріледі

  • © azh.kz

    © azh.kz

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов «Берекелі баспана» бағдарламасын кеңірек түсіндірді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.


«Көпбалалы аналар мәселесі күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Бүгін бірінші кезеңді бастадық. Көпбалалы аналардың баспана мәселесі екі жағдай бойынша шешілуі керек еді: жалдамалы үйге сертификат беру және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 2 пайызбен несиеге баспана сату. Несиелік баспана бойынша бағдарлама ережесі бекітілді, бірақ банктің ішкі құжаттары дайын емес. Біздің есебімізше, бұл бағдарлама 17 маусым мен шілденің басында іске қосылуы керек. 2% несиелік баспана алатын отбасы табысын көрсетуі тиіс. Оған алғашқы 10 пайыз жарна болмаған жағдайда әкімдіктен 1 млн теңге көлемінде көмек алуға болады. Биыл әкімдік тарапынан 1 млн теңгелік 1 мың сертификат әзірленді», - деп атап өтті Е. Қаналимов әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.


Арендалық баспана бойынша биыл 928 пәтер бөлінеді. Соның 150-і кезек басында тұрған көпбалалы отбасыларға арнайы сертификат арқылы беріледі.


«Бұл сертификатта арендалық баспананың мекенжайы, берілген күні көрсетіледі. Бірінші кезеңде 15 шілдеден 1 тамызға дейін азаматтар өз үйлеріне кіруі керек. Олар әкімдіктің тұрғын үй қорымен бес жылға келісімшарт жасайды. Бұл келісімшартты әрі қарай созуға болады. Яғни, ешкім бес жылдан кейін қуылмайды. Созу үшін қайта құжат тапсыру керек, ол үшін тұрғындардың атында өзге баспана болмауы тиіс», - деп түсіндірді әкім орынбасары.


Оның айтуынша, жыл соңына дейін тағы 200 көпбалалы отбасын баспанамен қамту жоспарланған.


Айта кетейік, елордалық «Берекелі баспана» бағдарламасы аясында «Көпбалалы отбасы» санатында тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 150 пәтерге сертификат беру басталды.


«Көпбалалы отбасы» санатында тұрғын үй кезегінде тұрғандар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Р.Қошқарбаев көшесі 39) жүгінуі тиіс (байланыс нөмірі: 79-34-50).


Бүгінде елордада 46 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр.


Оның 3 мыңнан астамы - көпбалалы отбасы.


 




Көрілген: 729    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.06.2019, 16:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30