Нарық

Елордада тұрмысы төмен отбасыларға үй беру үшін өтініш қабылдау басталды

  • Фото Elorda aqparat мұрағатынан

    Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының «Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға кредит беру» бағыты бойынша өтініш қабылдайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.


Өтініштер 17 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін (I кезеңі) жолдама алуға қабылданады.


Бағдарламаға келесі санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады:


1) көпбалалы отбасы;


2) толық емес отбасы;


3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасы.


Негізгі бағдарламаның шарттары:


- Жоғарыда көрсетілген санаттардың бірі бойынша тұрғын үй кезегіне тұру;


- Отбасының бір мүшесінің табысы 42500 теңгеден аспауы тиіс;


- Несиелеудің ең көп сомасы - 15 млн теңге;


- Несие беру мерзімі 20 жылға дейін;


- Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10% мөлшерінде;


- Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады;


- Бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификаты тек бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға арналған.


Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша 3 кезеңнен өту керек:


1. Тұрғын үй қорынан жолдама алу;


2. Жолдамамен ТҮҚЖБ-не жүгіну және өзінің төлем қабілеттілігін растау;


3. Егер Сіз бастапқы нарықты таңдасаңыз, онда сізді 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификатын алу үшін Достық көшесі, 13 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жолдайды, ал егер қайталама нарық болса, онда ТҮҚЖБ шотына тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын салу қажет.


Жолдама алғаннан кейін азаматтар «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на несие алуға өтінім беруі үшін жолығулары қажет.


 




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.07.2019, 10:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31