Нарық

Елордалық депутат Kaspi Gold иелерін 3% салық төлеуге міндеттеуді ұсынды

  • © Sputnik / Абзал Калиев.

    © Sputnik / Абзал Калиев.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Илья Мещеряков Kaspi Gold картасын қолданатын астаналық кәсіпкерлерге жалпы табыстың 3 процентін салық ретінде төлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Депутат өз бастамасын астаналық мәслихат комиссиясының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты отырысында жария етті.

 

"Жеке кәсіпкер ретінде Kaspi банкпен байланысы бар бизнесмендерге, жеке тұлғаларға жалпы табыстың 3 пайызын салық ретінде төлеуді түсіндіруіміз керек. Жалпы табыстың 3 пайызы аса үлкен сома емес. Табыс бір миллион болса – 30 мың теңге, 10 миллион болса – 300 мың теңге", - деп атап өтті Илья Мещеряков.

 

Депутат астаналық кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында "Төле де, тыныш ұйықта", "Адал болу ұтымды" секілді жарнама ұранын да мысалға келтірді.

 

Қазір жеке тұлғалардың аударымдары туралы ақпарат банк құпиясы болып саналады. Және мемлекеттік кірістер комитетіне берілмейді. Елордалық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қалмұханбет Ысқақов осы мәселе бойынша банкпен келіссөз жүргізіліп жатқанын атап өтті.

 

"Өткен жылы белгілі бір келісімге қол жеткіздік. Kaspi bank Kaspi Business төлем карталарын шығарып, төлемдерді бөлуге тырысып жатыр", - деді басқарма басшысы.

 

"Егер аталған жүйені банк енгізсе, Kaspi Gold карталары арқылы төлемдер мен аударымдар жасалады. Ал бизнесі барларға Kaspi Business картасы ұсынылады. Сол арқылы барлық ақпарат мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі", - деді Ысқақов.

 

"Біз нақты салықтан үлкен шығынды көріп отырмыз. Бұл картаны барлық адам қолданатыны белгілі. Адамдарды pos-терминал арқылы төлем жасау мен кэшбэк түрінде төлемнің белгілі бір пайызын алуға қызықтыруға тырысып жатырмыз", - деді департамент бастығы.

 

Kaspi аударымдарын реттеу

 

2019 жылдың күзінде қазақстандықтар қаржы министрлігінің интернеттегі ақша аударымдарын тексеру, аударым салықтарын енгізу туралы жаңалығына қарсы екендерін айтқан болатын.

 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қолдап, барлығын мұқият пысықтай отырып, мәселені күн тәртібінен алып тастауды тапсырды.

 

Қаржы министрлігі рәсімдерді жеңілдетуге және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың заңды балама әдістерін жасауға уәде берді.

 




Көрілген: 237    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 15:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31