Нарық

Елордалық саудагерлер шу шығарды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Карантинде кәсібі тұралап қалған елордалық саудагерлерден базар әкімшілігі сауда орнын жалдау ақысы мен басқа да шығындарды төлеуді талап еткен. Төтенше жағдай кезінде саудасы болмаған жалға алушылар енді не істерін білмей әлек, деп хабарлайды КТК арнасы.

 

Алты күн бұрын ғана дүкеніне оралған саудагерлерге "Солтүстік" сауда үйінің басшылығы әрқайсысына шот ұсынып, жалға алу құны мен коммуналдық қызмет ақысын төлеуге мәжбүрлеген. Ал екі ай бойы үйінде қамалып нәпақасынан айырылған сатушылар бұл талаппен кіліспейді.

 

Маған қойған бағасы – 136 мың теңге. Оны төлеуім керек, одан кейін 210 мың теңге – жалға алу ақым бар. Мен ондай ақшаны 15 күннің ішінде таппаймын. Барлығымыз да күнкөрістің қамымен отырған адамдармыз. Біз төлер едік, егер де бізге онлайн сатуға рұқсат беріп, күнделікті келіп затымызды алып тұрсақ, – дейді саудагер Гуля Мұхаметқалиқызы.

Коронавирустың кесірінен сауда жасай алмағаны былай тұрсын, бүгінде саудагерлерге дүкеніне кіруге рұқсат жоқ. Өйткені мөр басылған қағаз жапсырылған. Мұнымен қоса, оларға карантин кезінде топтасып жиналғаны үшін бас-басына 5 мың теңге айыппұл салыныпты.

 

Ал сауда орнының әкімшілігінің, шотта көрсетілген сома – жалға алу емес, тек карантинде дүкендерді күзеткендер мен коммуналдық төлемнің ақысы. Саудагерлер соны бөлісіп төлеуі тиіс.

 

Сауда үйінің басшылығы осы екі айда шығынға батып отыр. Сол себепті, базар әкімшілігі шығындарды сіздермен, жалға алушылармен өзара бөліскен. Егер сіздер бұнымен келіспесеңіздер, жазбаша түрде шағым жазып немесе жеке-жеке жалға берушімен сөйлесу қажет еді, – дейді Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілі, Әнуар Зейнуллин.

 

Үш айға жалға алу ақысынан босату туралы ел билігінің жасаған мәлімдемесі кәсіпкерлерге сенім ұялатыпты. Алайда бұл ақпараттың негізі мәні мынада: егер қандай да бір бизнес әкімдікке қараса немесе квазимемлекеттік секторда орналасқан болса, жеңілдік жасалуы мүмкін. Ал бүгінгідей жағдайда мемлекет жеке кәсіпкерге "ананы сүйт", "мынаны бүйт" дей алмайды. Сондықтан шу көтерген саудагерлер не базар басшылығының айтқанына көну керек, не сотқа жүгінуі тиіс.

 

 




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 09:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31