Нарық

Елордалық такси компанияларына 10 млн теңгеден астам айыппұл салынды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Нұр-Сұлтан қаласының такси тасымалдаушылары бәсекеге қарсы келісімі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2019 жылғы желтоқсандағы қаулысымен такси тасымалдаушылары ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 159-бабы 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыптыларға жалпы сомасы 10 735 498 теңге болатын айыппұл салынды. Сондай-ақ, 13 033 375 теңге көлемінде монополиялық табысы тәркіленіп, әкімшілік жазаға тартылды» делінген хабарламада.

Комитет таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін «Taxi Zhebe» ЖШС, «Vector Ast, Partners» ЖШС, «Арна-Медиа» ЖШС, «Astana Taxi Drivers» ЖШС, «Аруна Транс» ЖШС, «Compass Energy» ЖШС, «ҚР «Кенгуру» Жолаушы тасымалдау» ЖШС, «Taxi ALTYN» ЖШС, «SB Group Astana» ЖШС, «King Way» ЖШС қатысты бағаны белгілеу немесе ұстап тұру бойынша бәсекелестікке қарсы келісім белгілерін анықтау үшін тергеп-тексеру жүргізілген.

 




Көрілген: 244    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 09:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30