Нарық

Еңбек министрлігі Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгеретінін айтты

  • Еңбек министрлігі Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгеретінін айтты

    Еңбек министрлігі Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгеретінін айтты

Үкімет ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-іне дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі президенттің тапсырмасымен зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер әзірледі.

Тұжырымдама аясында 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделіп отыр. Ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындау тетігі, белгілі бір тұстарын жетілдіре отырып, базалық зейнетақыны тағайындаудың қолданыстағы әдістемесіне негізделген.

Қазір ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындаудың жаңа тетігі пысықталуда:

ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-інен 70%-іне дейін ұлғайту ұсынылады;
қатысудың ең аз өтілін 10 жылдан 5 жылға дейін азайту;
зейнетақы мөлшерін шектеуді алып тастау (қазіргі уақытта ең жоғары шектеу еңбек өтілі 33 жыл және одан көп болған жағдайда 1 күнкөріс деңгейін құрайды).
Жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыты – 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын енгізу. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылардың шотына зейнетақы жарнасы ретінде қызметкердің табысының 5%-ін аударады.

Қазақстан президенті жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарының мақсатын шартты-жинақтаушы компонентті қалыптастырудан азаматтардың жеке зейнетақы жинағын толықтыруға өзгерту тәсілдерін мақұлдады.

Салық кодексі аясында жұмыс берушілерге жүктемені төмендету үшін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасын шегерімге жатқызу бөлігінде жеңілдіктер көзделген.

Мұндай тәсіл зейнет жасына жеткен кезде (зейнетке шыққаннан кейін табысты алмастыру коэффициенті) салымшылардың зейнетақы жинақтарының адекватты деңгейін сақтауға, сондай-ақ келешекте барлық салымшыға зейнетақы жинағын мақсатты пайдалануға (баспана сатып алуға, емделуге) мүмкіндік береді.




Көрілген: 4803    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 14:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30