Нарық

Енді смартфон арқылы кредит алу мүмкін болады

  • CC0

    CC0

Қазақстандықтар қаржылық қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігіне ие болмақ, өз тұлғасын дауысы мен бет-жүзі арқылы растайтын болады. Бұл жоба 2019 жылдың басында сынақтан өткізіледі, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық банкі.


Клиенттерді биометриялық көрсеткіштер – бет-әлпеті, дауысы арқылы онлайн-идентификациялау арқылы қаржылық қызметтер қолжетімді болмақ. Бұдан бөлек, мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтер пайдаланылады.


"Бұл сұранысқа ие қаржылық қызметтерді қашықтықтан алу үшін қажет. Мәселен, интернет арқылы банк есепшотын, төлем картасын ашу, кредит алу", — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов "Astana Hub" кездесуінде.


Қашықтықтан индентификациялау тетігі қазақстандықтарға, оның ішінде алыс өңірлерде тұратын тұрғындарға қаржылық қызметтерді қашықтықтан, смартфон, планшет немесе компьютер арқылы алуға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, Ұлттық банк Open API ашық платформаларын іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл мақсатта банктердің қатысумен стандарттарды әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.


Sputnik




Көрілген: 1264    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.12.2018, 19:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30