Нарық

Энергетика министрлігі сұйық газ бағасына қатысты пікір білдірді

  • Энергетика министрлігі сұйық газ бағасына қатысты пікір білдірді

    Энергетика министрлігі сұйық газ бағасына қатысты пікір білдірді

Сұраныстың өсуіне көлік санының күрт артуы және мұнай өңдеу зауыттарының кезек-кезек жөндеуге жабылып жатқаны әсер еткен.

Елдегі сұйытылған газ бағасы осы айда өсті. Тіпті кей өңірлерде автогаз құю бекеттері сұйық отынды талонмен ғана беріп отыр деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Сұраныстың өсуіне көлік санының күрт артуы және мұнай өңдеу зауыттарының кезек-кезек жөндеуге жабылып жатқаны әсер еткен.

«2021 жылы ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын тұтыну шамамен 1,6 миллион тонна деңгейінде болжанса, 2019 жылы 1,3 миллион тонна болды. Сұраныстың өсуіне қарамастан өндіру көлемі бұрынғы деңгейде қалды. Биыл қараша айындағы орташа өлшенген көтерме баға тоннасына 151 мың теңге деңгейінде қалыптасты. Республика бойынша орташа бөлшек сауда баға – 99 теңге. Жыл соңына дейін газ бағасы осы межеде сақталады», ˗ дейді Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков.
Сұраныстың артуына қарамастан Қазақстанның шетелге сатып отырған сұйық газы биыл 1 млн 700 мың тоннаға жеткен. Алдағы уақытта экспортты шектеу шаралары жоспарланып отырған жоқ.




Көрілген: 1136    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.11.2021, 01:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31